Қазақстанның да өз Рианнасы, Белла Хадиді мен Виктория Бэкхемі бар!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Рингодан» бөлек Қазақстанның да өз Рианнасы, Белла Хадиді мен Виктория Бэкхемі бар! Яки, сол сылқымдар сынды стрит стайлды қалыптастырушылар! Біздің бойжеткендер бой түзеп, жеке стилін жасақтау ісінде қай сәнқойды үлгі тұтады? 

Стритстайл фэшн - кутюрьелердің бағалы луктары мен «A La Second Hand» заттарын ұтымды үйлестірудің көрінісі. Бұл – соңғы тенденцияларды негізге алып, өзіңше стиль қалыптастыру!

Нью – Йорктен арнайы келіп, көшедегі арулардың образын таспалаған стрит стайл фотограф - Адам Катцты, Алматылық бомондтың талғампаздығы таңдандырғанды.

Адам Катц Синдинг,  фотограф:

- Бір байқағаным, сіздерде қымбат әрі сәнді киінуге құмар жандар жетерлік. Құдды Париждегі сән апталығын түсіріп жүргендеймін.

Расында, біздің сылқымдардың талғамы Рианнадан, Белла мен Джиджи Хадидттен кем түспесі анық. Дегенмен, мұндай жұлдызды образдарды қалыптастыру үшін шопингті қай жерден жасаған дұрыс?

Мадина Сүлейменова, сәнқой:

- Бұл маусымда монолуктар сәнде. Кереге көз, шақпақ торлы киімдер де подиумнан түсіп, сәнқойлардың гардеробына қосылып үлгерді. Бірақ, мұның бәрін люкс брендтерден алудың қажеті жоқ. Мас-маркеттен іздесеңіз де табасыз.

Бұл маусымда сәнқойларда міндетті түрде болуы тиіс луктар қандай?

Лилия Рах, байер:

– Авиатор тон, былғары күртеше, жібек көйлек, қонышты етік, қалпақ! Міне, осы дүниелер күзгі стрит стайлдың негізгі трендтері!

Негізі, 70-ші және 80-ші жылдардағы ретро шик - қазіргі көше стилінің тренді!