Лирикалық әндерімен танылған Ғаділбек Жаңай енді ырғақты ән жазып, би алаңдарын бағындырмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лирикалық әндерімен танылған Ғаділбек Жанай енді ырғақты ән жазып, би алаңдарын бағындырмақ. Өнерпаз, шығармашылығына үлкен өзгеріс енгізуді көздейді. Ол үшін әнші, ең алдымен артық салмақтан арылмақ.

Әсем әндерімен талай жүректерді тебіренткен Ғаділбек Жанай, бүгінде артық салмақтан арылу үшін спорттың түр-түрін меңгеруде.

Ғаділбек Жанай, әнші:

-Қазір тенис үйреніп жатырмыз, сосын бокс үйреніп жатырмыз, арасында баскетбол ойнап тұрам, жүзу үйреніп жатырмын. Қазір енді сезініп жатырмын ширақталып келе жатқанымды.

Өнер иесі дене бітімін ширатып, әбден шыныққан соң, би өнеріне мықтап кіріспек. Себебі Ғаділбек, бұдан-былай өзінің үйреншікті әндерін ысырып қойып, ырғақты тректерді жазғысы келеді.

Ғаділбек Жанай, әнші:

-Ойлап отырмын, профессионалды билеп шығатын әншімен мүмкін бір дуэт жасап, солармен бірге шығып көреміз мүмкін. Дұрыс билей алмай қаласың ба деп ойлайсың, өмірі билеп көрмегендіктен.

Жаңашылдықтан жүрексінгендіктен бе, Ғаділбек  шығармашылығына бірден өзгеріс енгізуге әлі асықпайды. Әншінің, тұсауы кесілген кезекті туындысы да лирикалық бағытта.

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Ол ырғақты әндерді айта алатынына ешқашан күмәнім болған жоқ. Болған емес те. Өйткені мен Ғаділбекті жан-жақты талантты жігіт деп білемін.

Гүлнұр Мамасарипова,  телепродюсер:

Дәл жаңағы лирикалық әндері сияқты, ол әндер хит болмайтын шығар. Әр әншінің өз феномені бар ғой, сондықтан Ғаділбектің феномені де осы шығар.

«Керек екенсің» туындысына «кешьюлік» Балжанның туған ағасы Бауыржан Бидаш сазгерлік еткен. Бұл әуезді ән әу бастан Ғаділбек Жанай үшін арнайы жазылғандай деседі.

Балжан Бидаш, әнші:

-Ол айтты давай Ғаділбекке, менде нөмері жоқ, мүмкін сен ұсынып көресің деп. Сосын мен Ғаділбек ағаның ватсабына жібердім. Ғаділбек аға «Бидашка мына ән менікі, ешкімге бермеңдер, тыңдатпаңдар» деді.

Лирик әншінің жаңа туындысы да, тыңдарманының жүрегіне бірден жол табады деген үміттеміз.