Қонжық Паддингтон! Бұл кейіпкермен атышулы продюсер Вайнштейннің байланысы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Приключения Паддингтона» картинасындағы сүйкімді қонжық барлығының есінде болар?! Харви Вайнштейнге қатысты голливудтық жанжал, бұл кейіпкерді де айналып өте алмапты. Атышулы киномагнаттың мұнымен байланысы қандай?

Паддингтонның алғашқы хикаясы 2014 жылы көрерменге жол тартқан еді. Әлемнің әрбір адамын мейрімділікке шақыратын туындыны, атышулы Харви Вайнштейннің жеке компаниясы таспалаған. Картина аз уақытта, АҚШ-тың өзінде қоржынын 76 миллион долларға толтырып, ең танымал туындылардың қатарына енді.

Алайда, «Приключения Паддингтона» картинасының екінші бөлімі, Голивудтық жанжандан соң, көрерменге жетпей қалуы да мүмкін еді..

Дэвид Хэйман,продюсер:

-Дәл қазіргі сәтте «Паддингтонның» Вайнштейнмен ешқандай қатысы жоқ. Бірініші бөлімін таспалағанымен, картинаның жалғасы дәл қазір өзге адамдарың құзырында. Бірақ, әлі де қызу талқы жүріп жатыр.

Пол Кинг,  режиссер:

«Паддингтонның» саясат пен қылмысқа қатысты болғанын қаламаймын. Себебі, бұл жақсылық пен мейірімге шақыратын фильм ғой.

Үлкен дауды артқа тастап, «Паддингтонның» хикаясы жалғасын таппақ. Туындының екінші бөлімі бұрынғыдан қызығырақ болады деп күтілуде. Бұл жолы сүйкімді қонжық, қолды болған ескі кітапты табу үшін әртүрлі оқиғаны бастан кешіреді. Картина әлемдік прокатқа қараша айының 10-нан бастап жол тартады.