Харви Вайнштейнге зорлық көрсетті деп, айып таққандардың алғашқысы  - Анджелина Джоли қайта назарға ілікті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл жолы актрисаның шектен тыс арықтап кеткені фанаттарға маза берер емес. Инсайдерлер, тіпті, өнерпаздың денсаулығы сыр берді дейді.

Анджелина Джоли Бред Питтен іргесін сөккелі, халық алдына шығуды сиреткен еді. Бүгінде шырайы қашқан ол, Американың режиссерлер одағы ұйымдастырған кеште төбе көрсетуді міндет санапты. Шараға келген сылқымның сырт келбеті көпшіліктің көңілін көншітпеді. Жұрт актрисаның арықтап кеткен көріп, ауырып қалды деп топшылауда.

Әйгілі дизайнерлер Доменико Дольче мен Стефано Габбана киім тігуді уақытша ысырып қойып, сәнді кеспе өнімдерін өндіруге көшті. Әдемілік әлемінің қос жұлдызы, италияндық паста коллекциясын таныстырды. Мұндай «сәнді» макарон қорабының құны 110 долларды құрамақ.

Әлемнің ең тартымды модельдерінің бірі  Кейт Аптон құтты қонысына қонды. Сылқым, 34-жасар бейсбол спортшысы Джастин Верландермен көңіл қосқанды. Отау тіккен екі жастың тойы, Италияның Тоскана елдімекенінде өткізілген.