«Ninety One»-мен бір картинада түсетінімді білмедім! «Қағаз кеме» актрисасы Тамирис телехикаяға шақыртуды қалай алды?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қағаз кеме» картинасының актерінің орнында болу, кез-келген иглз арманы. Алайда, аталмыш туындыда ойнаған Тамирис Жанғазинова,  Ninety One-мен ортақ түсірілім алаңыда өнер көрсететінімді білмедім дейді. Сонымен, танымал телехикаяға түсу үшін не істеу керек? Жауабын актрисаның өзі айтсын...

Тамирис Жанғазинова, актриса:

-Қалай тапты десеңіздер, мен кішкентай кезімнен бастап әншімін, көптеген фильмдерге түскем, жүргізушімін. Сол арқылы тапқан болатын. Ерболат Беделханға «JUZ» академияға да барған болатынмын. Сол кезде нөмірім сақталып қалған шығар.

Әуеліде «Найнти уанмен» бірге «Қағаз кеме» картинасына түсетінімді білмедім дейді Томирис. Ол 11-сынып оқушысы. Бүгінде, Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық пен шығармашылықты қатар алып жүрген жайы бар. Жас актрисаға тосыннан келген танымалдылық әсер етпей қоймаған көрінеді.

Тамирис Жанғазинова, актриса:

-Жақында, осы сериал шықпай тұрып менің истаграм парақшамды бұзып алды. Мен білмеймін біреулер әдейі істеген шығар. Шабуыл жасады.

Телехикаядағы кейіпкер, жаныма жақын болмаса да образды барынша жеткізуге тырыстым дейді ол.

Тамирис Жанғазинова, актриса:

-Мен өзімнің еркіммен ешқашан ешкіммен вальс билемегенмін шынымды айтсам. Он алты жыл бойы. Және осы фильмде, бірінші рет вальс биледім.

Жас актриса, телехикаяның сценариі сіз күтпеген оқиғаларға толы деп сендіруде..

Тамирис Жанғазинова, актриса:

-Алда талай қызықтар болады, сондықтан «Қағаз кеме» телехикаясын көріңіздер!

Дәл осы Томирис, яғни «Айгерім» жаңа топта өзінің дарынын толықтай көрсете алар ма екен? Зарина Заман немесе Дастан мырзаның ұжымы? Кім жеңіске лайық? Бұл сауалдардың жауабын «Қағаз кеме» телехикаясының кезекті бөлімінен біле аласыздар.