Көзден бұл-бұл ұшқан чемпиондық! «Қайрат» клубы тағы да Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін қанағат етті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанкүйер бағасы футболда маңызды! Биылғы Қазақстан чемпионатындағы интрига ақырғы турға дейін сақталған. «Кім чемпион болады?» деген сауал Елордамыз бен  Алматыда қатар өткен қос матчта шешілген еді. «Астана» чемпион, «Қайрат» болса үш жыл қатарынан күміс олжалады...

 

Матчтың алғашқы голын бірінші таймның 44-ші минутында Сезар Арсо соқты. «Қайрат» пен «Ақтөбе» теке-тіресіндегі бұл басымдық, алматылық команданың Қазақстанның чемпиондық тәжіне деген мүмкіндігін сақтап тұрды... Жеңіс ауадай қажет! Бұл сәтте «Астана» өз алаңында «Айқжайықпен» тең ойнауда еді.

Ернар мен Дәулет, «Қайрат» ФК жанкүйерлері : 

– Үміттеніп отырмын «Қайрат» чемпион боларына. Бүгін «Астана» жеңілсе тіпті күшті болар еді...

– Өзіміздің «Қайрат» үшін таңертеңнен бері дайындалып, бір апта бұрын билет алып. 

– Бүгін мына туға «Қайраттың» 11 футболшысының қолын қойдырамын және осыны өзіме естелікке сақтаймын.

«Қайраттың» адал жанкүйерлері ел біріншілігінің соңғы турына да үміт пен сүйіспеншілігін арқалай келген.

Асқар, «Қайрат» ФК жанкүйері:  

– Маған ұнайды Бауыржан Исламхан, Андрей Аршавин, Жеррар Гоу. Бүгін «Қайрат» чемпион болса, мен үйге келемін және торт жеймін...

Қазақстан чемпионы еліміздегі екі бас шаһарда өткен қос матчтың екінші жартысында анықталды. «Қайрат» пен «Ақтөбе» ақырғы 45 минуттықта 4 гол соқты, жалпы есеп 3:2 алматылықтар пайдасында.

«Астана» Кабананга жасаған дубльдің арқасында «Ақжайықтан» үш ұпай олжалап, ел біріншілігін осымен төртінші мәрте қатар ұтты.

«Қайрат» үш жыл қатарынан күмісті қанағат етуде. Екі жыл бойы «Астанадан» тек бір ұпайға қалып келеді. Алматылық футбол клубына 2004 жылдан бері  - Қазақстан чемпионы атану басты арман. Бұл күні 24-ші добын қақпаға дарытқан Жеррар Гоу - биылғы біріншіліктің басты сұрмергені.

Аслан, «Қайрат» ФК жанкүйері: 

- Бұл маусымда «Қайрат» тек бір мәрте ұтылды. Өкініштісі 9 мәрте тең ойнады. Дегенмен, біз әлі де сенеміз. Алға, Қайрат!