Бұл қуаныш сүйісі! Hollywood Film Awards өз жеңімпаздарын ерекше ықыласпен марапаттады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли, Адам Сендлер мен Мэри Джей Блайдж өз еншісін алу үшін Беверли-Хиллзге жиналды. Hollywood Film Awards әдеттегі дәстүрімен, киносаласының кіл мықтыларын марапаттады. Кейт Уйнислеттің аталмыш шарада  Эллисон Дженнидің жүлдесіне қуанғаны соншалық, әрітпесін сүйіп алды.

Hollywood Film Awards тұжырымымен «ең үздік актриса атанған» Кейт, «екінші пландағы ең үздік әйел рөлі» жүлдесін иеленген Элиссонды дәл осылай құттықтауды жөн санапты.

Сылқымдарға қарғанда, жігіттер қауымы байсалдылыққа басымдық бергендей. «Мансабындағы үздік жетістігі үшін» арнайы марапатын иеленген Гари Олдман қуанышын жасырып қалды..

 

Гари Олдман,  актер, режиссер, продюссер:
-Мен мансабымды 40 жыл бұрын бастаған болатынмын. Кино саласында жолым болды деп айта аламын. Бұл марапат әрқайсысымызға шығармашылық шабыт сыйлайтыны сөзсіз.

Гариден өзге, осы айтулы кештен қанжығасы майланып қайтқандар қарасы көп болды. Мәселен, Адам Сендлер комедия саласының мықтысы атанса, Анджелина Джоли «Сначала они убили моего отца» картинасы үшін, «шетел тіліндегі үздік фильм» номинациясына тиесілі жүлдені еншіледі.

Күні кеше, жанкүйерлері арасында «Анжелина шектен тыс арықтап кетті» деген сөз, актрисаның құлағына жеткен болу керек, сылқым бұл жолы барынша жабық киінуге тырысқан.

Қызыл кілем, елеулі еңбегі үшін әділ түрде марапатталған жеңімпаздар және шаттанған жұлдыздар. Қысқасы, Hollywood Film Awards өз миссиясын әдеттегідей толық орындап шыққандай.