Бен Афлек, Галь Гадот, Джейсон Момоа бастаған бір топ актер әлемді құтқаруға қамданып жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Санаулы күндерден кейін, «Лига справедливости» картинасы көрерменге жол тартпақ.

Алайда, қаһарман кейіпкерлер жауыздармен ғана емес, киносыншылардың қатал пікірімен де күресуде. Ал актер Джейсон Момоа, бірнеше батырдың басын біріктірген картина, қызықты болады деп сендіруде.

Джейсон Момоа, актер:

Режиссермен бірге ақылдаса отырып, «Аквамэн» образын мүмкіндігінше тартымды қылдық. Бұл жолы, оның бойынан бұрын-соңды байқалмаған махаббат сезімін аңғаруға болады.

Отандық көрермен болса «Бэтмен», «Чудо-женщина», «Аквамен», «Киборк» пен «Флэштың» ерлігін, қарашаның 16-сынан бастап тамашалай алады!