Алматыда «КВН» ардагерлері төл мерекесін тойлады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Олар өзін «КВН» атты академияның түлегіміз дейді. Иә, күні кеше көңілді тапқырлар клубынан түлеп ұшқан ардагерлер, тағы да әзіл аламанында сайысқа түсіп, ностальгияға толы кеш өткізді. Кезінде көрерменді күлкіге кенелткен бұл қалжыңбастар қазір қайда жүр?!

Кезінде КВН сахнасында өнер көрсеткен, бүгінгі белгілі кинорежисер Асқар Бисембин бұл жолы жүргізушілікті тізгіндесе, Нұрдаулет әзілін әзірлеп, Құмарға қазылық ету жүктеліпті. 

Құмар Лұқманов, актер:

-Жюриға отырғызып қояйын деп отыр мені. Бірақ, мен сахнаның артында тұрғым келіп тұр. Өйткені менің достарымның бәрі осы жақта. 

Нұрдәулет Шертім, актер:

-1987-ші жылдан бастап ойнадым «КВН»-ді. Ең бірінші сахнаға шыққанмын «КВН» деп. Ол кезде Советский Союз, «Чунга-чанга весело живет» деп тұрып.

Дастан Қалдыбаев, актер:

-Кезінде ойнаған достар, әр түрлі ойнаған командалар шыны керек жақсы араласып тұрамыз. Бірақ әрқайсын күнделікті кездестіре бермейміз.

20 жылға жуық ғұмырын әзіл сахнасына арнаған қалжыңбас кейіпкерлерді, «КВН» әлемі қаншалықты өзгертті?! 

Дастан Қалдыбаев, актер:

-КВН маған тіпті бәрін берді деп айтуға болады. «КВН»-ді жақсы көріп қалдық. Болды сонымен ауырдық. Әлі күнге дейін ауырып, соның саласында өмір сүріп келе жатырмын десек болады. 

Нұрдәулет Шертім, актер:

- «КВН» маған сана берді, ой-өрісімді өзгертті. «КВН» деген біраз мені мәдениетке келтірді.

Бұл жігіттер кезінде көңілді тапқырлар шеберханасына тап болмағанда, өмірлері басқаша өрбитіні анық еді.

Құмар Лұқманов, актер:

-Мұғалім болатын еді Құмар. Мектепте мұғалім болушы еді. 1,2,3-ші сыныптың мұғалімімін.

Айта кетейік, КВН ардагерлері келер жылы, дәл осы күні ауқымды әзіл жобасын өткізуді жоспарлап отыр.