Еркенің «Қайда» әніне жауап жазған Серік Ибрагимов әріптестерінің сынына ұшырады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйіктісін галактикадан іздеген Еркенің, жер бетінде «Жоқ-жоқ» деп ән салғаны бос әуре сияқты. Бұл бикеш қазақтың нар тұлғалы жігіттерін өзі байқамай жүр-ау... Ал, сылқымға «Бар-бар» деп жауап жазған Ибрагимов, бойдақтардың басын бір бейнебаянда тоғыстырды. Оның ішінде мен де, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов та бар...

«Еркенің «Қайда» әні жарыққа шыққан сәтте, «Бар-бар» деп жауап жазу идеясы туындады», - дейді Ибрагимов.

Серік Ибрагимов, әнші:

-Өнердегі ағаларымыз, бауырлар, әріптестеріміздің барлығы «Әй, жігіттер бар ғой. Намысты жігіттер ғой», - деп айтып кетті де. Сондықтан, бір ортақ оймен, әзіл-шыны аралас, дұрыстап жеткізейік деген оймен жаздық.

Дегенмен, біткен іске сыншы көп! Әріптестері Серіктің жаңа әнін ұтымды пиар қадамға балайды. Яғни, хайптың жетегінде кетті деп тұжырымдаған.

Әли Оқапов, әнші:

-Рейтингі жоғары нәрсенің толқынымен тағы бір жаңа жаңалықты шығару дегендей. «Бар-бар» дегеніміз олда хайп. «Еркеге жауап» деген жазуды көргеннен кейін әрине басасың, қоясың, не жауап берді екен, қалай айтты екен деп.

Айдана Меденова, әнші:

-Серік Ибрагимовтің өзінің күшті-күшті әндері бар, хит әндері. Бұл ән енді өтпелі ән деп ойлаймын. Еркеге жауабы хит болады деп ойламаймын.

Ерке қызға қарымта ән жазып, абыройлы бойдақтарды келістіріп жарнамалаған Серіктің, көпшіліктің сынына айтар жауабы мынадай.

Серік Ибрагимов, әнші:

-Жоқ ондай хит жасайын деп, жаңағы пайдаланып бірдеңе-бірдеңе деген нәрсе емес. Бірақ қаншама адамдар пайдаланып жатыр ғой. «Жоқ, жоқты» басқаша қылып. Енді біз жауап беру жағынан ғана іске асырдық.