Шоу-бизнес сылқымдары дене мүшелерін сақтандыруға көшкен бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Зарина Омарова ернімді сақтандырар едім деп, айды аспанға бірақ шығарды. Шоу-бизнесте жүрген сылқымдардың көпшілігі, мұндай қадамды құптайтын көрінеді. Ал, мен болсам қай жерімді сақтандырар едім..? Бойымды ма әлде, келбетімді ме?

Шетелдің өнер жұлдыздарында дене мүшесін сақтандыруға баяғыдан бар. Мәселен, Джей Ло бөксесін 300 миллионға, ал Мэрая Кэри аяғы мен дауысын 70 миллион долларға бағалаған... Олардан қай жерім кем деді ме, отандық шоу-бизнес сылқымдары да дене мүшелерін сақтандыруға көшіпті. 

Мадина Сәдуақасова, әнші:

-Енді Дженифер Лопес, тағыда бір жерін сақтандырып жүрді. Мен енді әнші ретінде мүмкін дауысымды сақтандырар едім. Өйткені менің ойымша, мен өзіме ең қымбат мүше, енді барлығы қымбат қой әрине, бірақ ол дауыс...

Әуеліде дауысым қымбат деген әнші, ойлана келе бүкіл дене мүшесінің бағалы екенін түсінді.

 Мадина Сәдуақасова, әнші:

-Жоқ мен барлығын сақтайтын едім, шынымда айтсам. Мына аяғымды қолдарымды, басымды, көзімді. Расында өйтіп, бөліп айта алмайды екенсің.

Зарина Омарова да өзінің сақтандыруға лайықты тұстарын тізбелеп берді.

Зарина Омарова, әнші:

-Фигурамды! Негізі қазіргі таңда менің фигурам маған өте қымбат. Негізі менің денемдегі мақтанатын нәрселерім бар әрине. Олар енді жасандылық емес, шынайы соларды сақтандыратын шығармын. Ернім мысалға...

Әріптестерімен салыстырғанда, Айдана Меденованың жауабы  таңқаларлық.  Естімеген елде көп, сылқым үшін бәрінен де бұрымы қымбат.

Айдана Меденова, әнші:

-Шашымды сақтандырушы едім.. Енді шаш түседі, жүкті болғанға кейін, ол енді қалжың... Ең бастысы, Аллаға сиынып сақтанып жүру керек. Меніңше, ол ешқандай көмектеспейді.

Иә, сақтансаң сақтайды деген.. Дәулеті мен танымалдығы асқан жұлдыз болсаңыз, сіз қай жеріңізді сақтандырар едіңіз?