Джулия Робертс науқастанған баласының денсаулығы үшін уайым шегуде...

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде «Гламурдың» «жыл әйелі» атағын жеңген Джулия Робертстің көңілі алаңдаулы күйде. Сылқым, науқастанған бауыр еті баласының денсаулығы үшін уайым шегуде екен... Ия, бұл актрисаның кезекті каринасындағы жаңа образы. Лондонда жұлдызды өнерпаздың қатысуымен «Чудо» драмасының таныстырылымы өтті.

Туындыны тамашалаған көрермен, көз жасына ерік берері сөзсіз деседі. Фильмде ерекше дертке шалдыққан бүлдіршін мен оның отбасының басынан өткерген қиын оқиға суреттеледі. Картинадағы ерлі-зайыптылар рөлін сомдау О́уэн Уи́лсон мен Джулия Робертске бұйырған.

Джулия Робертс, актриса:

-Фильм әрбір адамға ой салады. Дәл осындай туындының түсіріліміне  қатысқаным үшін, өзімді бақытты санаймын.

«Чудо» драмасы қарашаның 17-нен бастап әлемнің үлкен экрандарына жол тартпақ.