Неге бәрі мұз? «Найнти уандық» мемберлер түрік тыңдармандарының жүрегін жаулауда.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Найнти уандық» мемберлер, түрік қыздарының жүрегін жаулауда! Олар «MOOZ” атты трегімен «Turkish music box” чартының көшін бастады. Ал иглз, сүйікті тобын шетелдік жанкүйерлермен бөлісуге дайын ба?

«Найнти уанның» «Mooz» атты туындысы, Түркияның «Turkish music box» ән арнасының, арнайы чартында бірінші орынды иеленді. Мемберлер дәл осылай, өзімен бірге таласқа түскен, әлемге әйгілі Тарканды да шаң қаптырған.

«Ninety One» тобы:

-Бізде жаңалық, біз «Turkish music box»-тан екінші рет бірінші орынға шықтық. Бірінші рет «Қайтадан» өлеңімен болған. Қазір «Мұз» өлеңімен. Өте үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді, бүкіл әлемдік.

Кью-поп орындаушыларының сөзінше, бұл жеңіс Түркиядағы иглзға жақын бола түсуге септігін тигізген.

«Ninety One» тобы:

-Білуімізше негізі, Турцияда шамамен, қазір әлем бойынша екінші орында ғой деймін. Қазақстаннан кейін Турцияда. Сондықтан, біршама иглз бар деп естігенбіз.

Мемберлер болашақта әлемнің ең үздік музыка чарттарынан да көрінуге ниетті.

«Ninety One» тобы:

-Жақында сол Билбордқа ойымыз бар. Негізінде білмейміз енді, кез-келген чартқа кіргіміз келеді, еңгіміз келеді. Алайда құштарлықпен осы чартқа кіреміз деген ойда жоқ. Тек өлеңіміз шығып, естілсе деген ниет қана.

Ән демекші, «Найнти уандықтар»  өз жанкүйерлерін кезекті туындысымен қуантуға әзір.

«Ninety One» тобы:

-Қараңғы жарық альбомы әлі біткен жоқ, әлі жазу үстіндеміз. Бірақ өзінің шығатын уақты бар. Жақын арада, біз жаңа бейнебаянмен сізге жетіп келуіміз мүмкін.