«Жыл спортшысы» атанған Қанат Исламның келесі қарсыласы кім болмақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам - «Алтын Адам – Жыл таңдауы» жобасы бойынша «жылдың үздік спортшысы» атанды. 33 жасар былғары қолғап шебері, бұл мәртебелі марапаттың алғаш рет лауреаты болып отыр. 

Кəсіпқой рингте 25 кездесуінің бәрін жеңген Қанат Ислам, WBA intercontinental  және WBO NABO чемпиондық белбеулерінің иегері. Оның келесі қарсыласы WBO нұсқасының экс-чемпионы Лиам Смит болады деп болжануда.

Ағылшын боксшысы мен қазақстандық кәсіпқойдың жекпе-жегі, 2018 жылы Ұлыбританияда өтпек. Екеуі WBO нұсқасының чемпиондық атағына таласуы мүмкін.