Джастин Бибер мен Селена Гоместі бәзбіреулер аңдып жүр. Қос ғашықтың өміріне қауіп төніп тұр ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Селена Гомес пен Джастин Бибердің де махаббат хикаясы дап-дайын сценарий! Мұндай фильм таспаланса, көрермені мол болары анық. Себебі, қайта табысқан жұлдызды жұптың, ізін аңдушылар жетерлік. Тек, папарацци ғана емес, табынушылары да қос ғашықтың бірге жүрген сәттерін таласа суретке түсіріп жүр.

Қос ғашық – өткендерінен сабақ алған. Бұған дейін де, олардың арасын суытқан сол көпшіліктің асқан қызығушылығы болатын. Екеуі енді, махаббат отын жұрт назарынан жырақта маздатайық деп шешкен.  Бірақ, қолдарынан келер емес. Жәй ғана серуенге шыққан күннің өзінде, табынушылары тыныштық бермей,  тіпті фотоға түсіріп үлгеріпті.

Блейк Шелтонға көптің ықыласы майдай жағады! Әсіресе, бүгін жылдың «ең тартымды азаматы» атағын иемденіп, қуаныштан бөркін аспанға атты. Гвен Стефанидің сүйіктісі, бұл титулды Дуэйн Джонсоннан «мұраға алды» деуге болады. Актер былтыр осы атақты иемденген еді.

Харви Вайнштейннен зорлық көрдім деп тұңғыш жарияға жар салып, голливудта нағыз дүмпу жасаған Роуз Макгоуэннің, жеке басына да қара бұлт үйірілді. Себебі, полиция оның әмиянынан екі қорап есірткі тауып алған. Дегенмен, актриса өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шығатынына сенімді. Алдағы күндері осы іс бойынша сот отырысы өтеді.