Күдікті ұсталды ма? «Убийство в Восточном экспрессе» картинасы табысы жөнінен көш бастады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Джонни Депп, Пенелопа Крус, Уиллем Дефо, Мишель Пфайффер - күдіктілер! Поездағы құпия кісі өліміне кім кінәлі? Бұл жауапты білмекке, қазақстандық көрермен «Убийство в Восточном экспрессе» картинасына таласа билет алуда. Фильм алғашқы аптасында-ақ үздік шықты.

«Убийство в Восточном экспрессе» детективі қоржынын 250 млн-ға жуық теңгеге толтырған. Алыс сапарға шыққан поезда кісі өлімі тіркеледі. Күдіктілер – түрлі кейіпкерлер. Бұл шытырман оқиға мен жұлдызды актерлік құрам көрермен көңілін тапқан секілді.

«Тор: Рагнарёк» картинасы табыстылар тізімінде осы жұмада екінші орынға табан тіреді. «Халк» тұңғыш рет екі ауыз сөз айтқан бұл фильм 90 млн теңге жинақтап үлгерген. Marvel студиясының бұл өнімі де тартымды болса керек. 

Отандық киноөнім «Брат или брак» мықтылар қатарынан қалысар емес. Бұл аптада үшінші болған картина, бюджетіне 35 млн теңгеден астам ақша түсірді.

Көрерменін қуантқан комедия әлі де үздіктер сапында қалуға үмітті.

Табыстылар тізімінде төртінші болған «Маленький вампир» мультфильмі. Ангела Зоммер-Боденбургтың кітабының желісімен таспаланған анимациялық лента, осы жетіде 14 млн теңгені қалтасына басты. 

Бестікті түйіндеген ресейлік «Последний богатырь» картинасы бұл аптада 10 млн теңгедей қаржы тапты. Қиял-ғажайып туындыны, балалармен қатар ересектер де таласа тамашалап жатқан секілді.