Жуырда жаңа жыл! Лондонда «Здравствуй, папа, новый год-2» каринасының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Киноның жаһандық жұлдыздары Марк Уолберг пен Мэл Гибсон болса, жаңа жылды күні бұрын тойлауға кірісіп кеткен! Лондонда «Здравствуй, папа, Новый год-2» фильмінің премьерасы өтті.

Бұл жолы әкесі мен баласы, балдырғандарға естен кетпес мерекелік кеш ұйымдастырып беру үшін бас қосады. Алайда, жігіттердің жоспары күтпеген меймандар келгенде құрдымға кетеді. Енді, ерлер қауымы «Рождествоның» ойдағыдай өтуі үшін бар күш-жігерін жұмсауы тиіс.

Мэл Гибсон, актер:

-Фильмде қызықты сәттер өте көп. Оның түсірілімі де көңілді өтті. Мейірімге толы, әрбір көрерменнің жүзіне күлкі ұялтатын отбасылық комедия жасай алдық деп ойлаймын.

Киносүйер қауым аталмыш картинаны қарашанын 22-сінен бастап үлкен экрандардан тамашалай алады!