Елбасының көмекшісінің рөлін сомдау мәртебесін иеленген мәскеулік жас актер кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алматы облысында «Көшбасшы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмінің түсірілімі басталды. Картина режиссері Ақан Сатаевтың сөзінше,  президент жайлы алтыншы көркем фильмге актерларды таңдау қиын болған.

Бұл жолы Елбасының образын сомдау Мұрат Ахмановқа бұйырған. Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісін, Мәскеуден келген жас актер Аскар Ілиясов ойнайды.  «Көшбасшы жолы. Әлем эпицентрінде» фильміндегі оқиға 1994-1998 жылдар аралығын қамтымақ. Көрермендерге астананың Алматыдан Ақмолаға ауысқан кезеңі көрсетіледі.

Сондай-ақ, фильмде Жан Байжанбаев, Еркебұлан Дайыров және Азамат Сатыбалды төбе көрсетеді. Түсірілім барысы бірнеше кезеңге бөлініп, картина 2018 жылдың аяғында жарыққа шықпақ.