Неліктен отандық кинотеатрлар «100 минут о любви» картинасын көрсетуден бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алматыда отандық «100 минут о любви» картинасының тұсауы кесілді. Алайда, дарынды актриса Айсұлу Әзімбаева төбе көрсеткен фильм, мүлде жарыққа шықпай қалуы да мүмкін еді. Бұған себеп, қазақстандық кинотеатрлар ұстанатын саясат...

Отандық киноқоржын тағы бір фильммен толығып, жас режиссер Альмири Қарпықовтың «100 минут о любви» картинасы көрерменге жол тартты. Алайда, еліміздің кинотеатрлары бұл туындыны прокатқа шығаруға бірден келіспеген.

Альмири Қарпықов, режиссер:

-Қазір кинонарық саласында, екі үлкен дистрибьюторлық компания бар. Дәл сол компаниялармен серіктес болмасаң, фильмнің таратылуына өзің жауаптысың. Сондықтан, кинотеатрларда туындыңның жиі көрсетілуі екіталай болып отыр.

Ұзақтығы 100 минутқа созылған мелодрама Мика есімді бойжеткен хақында. Америкада оқуын тәмәмдап, өмірін музыкамен өрнектегісі келетін сұлудың махаббат хикаясы.                                                                                          

Лидия Кәденова, актриса:                                            

-Қазір енді мұнда әженің рөліне түстім, көп болмаса да. Сондағы менің байқағаным, енді атмосфера. Бұл кісі ылғи Мәскеуде жүреді, жанжалсыз, ұрыссыз, түсіндіретін жерін шақырып алып қана, мәдениетті түрде осылай деп.                

Картина үшін арнайы 4 музыкалық шығарма жазылып, сюжет әсем әндермен әрленген.                                                                                                                    

Ал, арманшыл жас жігіттің рөлін сомдаған Қуаныш Жылжақсынов кейіпкеріммен өмірде де ұқсастығымды таптым дейді.                                   

 Қуаныш Жылжақсынов, актер:                                                       

-Ұқсастық ол музыка жайында шығар. Мен өзім де өмірде музканы қатты жақсы көремін. Енді, музыкант деген ол, өнерге беріліп кеткен адамдар ғой, музыканттар киношниктер, художниктер.