Харви Вайнштейн ізімен! Backstreet Boys мүшесі Ник Картер де нәзік жандыларға зорлық көрсеткен бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Атышула продюсер Харви Вайнштейннен басталған дау әлі де басылар емес. Енді, Backstreet Boys -тың мүшесі Ник Картер де айыптылар тізімінде. Арулардың бірі, оны «арам пиғылын жүзеге асырмақ болды деп» кінәлауда.

«Dream» гелз-бендының мүшесі Мелисса Шуманның, Ник Картерге өкпесі қара қазандай. Ол осыдан 5 жыл бұрын сауық кештердің бірінде, Backstreet Boys -тық серінің, зорлығының құрбаны болған көрінеді. Көптен бері тіс жаруға қорықтым деген Мелиссаға, әзірге әнші тарапынан ешқандай жауап жоқ.

Майли Сайрус елден ерекшеленемін деп, басы бәлеге қалды. Әсемдікке жаны құштар әнші, телешоудың біріне күлгін түсті көйлек киіп келген еді. Алайда, оның тың образы, жанкүйерлеріне бірден ұнамаған. Әлеуметтік желі қолданушылары да, өнерпаздың киімін мазақ еткен.

Ким Кардашьян суррогатты ананың көмегімен үшінші рет сәбилі болуға әзірленуде. Актриса соңғы сұхбаттарының бірінде, нәрестенің дүниеге келуін асыға күтіп жүргенін айтқан. Енді, Кардашьянның отбасы 2018 жылдың қаңтар айында кіп-кішкентай ханшайыммен толыға түспек.