Ең табысты модель деп танылған Кендалл Дженнер, бұл күндері қайда жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сән әлемінің сұлуы Кендалл Дженнер болса, подиумдардан әзірше бас тартқан. Ең табысты модель атанған оған, енді  жайбарақат демалуға да болады. Уақытын тиімді өткізуді жөн көрген ару, папараций құрығына түсті.

Кендалл Дженнер бақыттан бал-бұл жайнауда. Себебі, табысты модель мол қаражатқа кенеліп те, махаббатқа бөленіп те үлгеруде. Бойжеткен өзінің сүйіктісі  - баскетболшы Блейк Гриффиннің ойынын көруге келгенде, папарацци құрығына түскен. Ғашығына жанкүйер болуға, стадионға өзімен бірге құрбысы Хелли Болдуиннді де ерте келіпті.

Майли Сайрус та махаббатқа мас күйде! Оның туған күніне орай Лиам Хемсворт, біраз қалтасын жұқартқан көрінеді. Қолы ашық сері, сүйіктісіне арнайы тапсырыспен жасалған алтын алқа сыйлаған. Қуаныштан төбесі көкке  жеткен Майли, бұл жайында бірден әлеуметтік желіге жазба қалдырды.

«Голодные игры» картинасының жұлдызы Дженнифер Лоуренстың керісінше, көңілі алаң күйде. Актриса өзінің ғашығы Даррен Аранофскимен ат құйрығын үзіскен. «Мама» атты фильмінде көңіл жарастырған екеуінің ажырасуына не себеп болғаны, әзірше белгісіз.