Питер Куиллиды ұтқан жекпе-жегінде Қуат Хамитов неге жанкүйерлердің ысқырығының астында қалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қуат Хамитов «Алматы Аренада» ирландиялық Питер Куиллиды, 5 раундта ұпай санымен ұтты.Құттықтаймыз! Дегенмен, жанкүйелер сегізбұрышқа сауыт пен дулыға киіп шыққан Хамитов, сонша  жарнамалаған батырлығын көрсете алмады деп санайды. Тіпті, Қуат бірнеше рет ысқырықтың астында қалды.

Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек:

– Мен өзім негізі осы ММА жарыстарына алғаш рет келіп отырмын. Сезім ерекше екен... Екеуміз де, алғаш рет осылай келдік. Шынымен де былай көрген қызығырақ екен, теледидардан қарағанша.

ТМД аумағында беделді «Fight Nights» мен қазақстандық жас «AFC» промоушендері өткізген ММА додасында экшн мен драмаға да орын бар.

Алғашқылардың бірі болып, қарсыласы Медет Базарбековты қылқындырып ұтқан Олжас Еқараев.   

Олжас Есқараев, ММА спортшысы: 

– Бұл жарысқа дайындық жақсы болды, сондықтан да жеңіл болған шығар деп ойлаймын.

Қазақстандық Fight Nights чемпионы Георгий Кичигинге, белбеуін қорғаған айқаста, Магомед Нуровты ұйықтатып ұтудан өзге жол жоқ еді.

Георгий Кичигин, ММА спортшысы, Fight Nights чемпионы:

– Анам денсаулығына байланысты келе алмады. Жеңісімді соған арнаймын, ол қазір мені көріп отыр.

Fight Nights Global 80 турнирінің көркін кіргізген Артем Резников пен

Мырза Еркенбековтың жекпе-жегі болды. Спортшылар әлеуметтік желіде сөзге келіспей, кейін төбелесуді ұйғарған. Жеңімпаз «Алаш Прайд» өкілі Резников.

Кәсіпқой бокс пен аралас жекпе-жекті қатар алып жүрген Жұман Жұмабеков  молдовалық Иван Андрущенконы айқын ұтты.

Ағылшындық бабы басым Шадж Хэктен, ақтөбелік Жалғас Жұмағұлов 5 раунд қорытындысымен бағын асырды.

Жалғас Жұмағұлов, ММА спортшысы: 

– Қарсыласым Fight Nights тұжырымында 4-ші тұр. Әлемдік рейтингте ол 50-ші, мен 94-ші тұрмын. Сондықтан, бұл жекпе-жек қиын болды, жеңісім аса маңызды.

ММА кешінің басты айқасы Қуат Хамитов пен Питер Куилли арасында өрбіді. «Найман» лақапты спортшымызға ирландиялықтан өз мықтылығын дәлелдеу сын. Сөздері жалынды Хамитов өз отанында жеңілсе жанкүйері кешірмес еді.

5 раунд бойы сылбыр қимылдап, арасында Питердің аяғын құшақтап жата кеткен Хамитов, осылай 2,3 мәрте жанкүйерлер ысқырығының астында қалды.   Төрешілердің 2-1 есебімен Хамитовты жеңімпаз!

Қуат Хамитов, ММА спортшысы:                                               

– Өз елімде, өз жерімде жеңіке жетіп отырғаныма қуаныштымын. Бәрі сіздер үшін, еліміз үшін...

 Fight Nights тұжырымындағы оның ендігі қарсыласы осал болмасы анық.