«Gotham Awards» өз жеңімпаздарын тапты. Арнайы марапатқа Николь Кидман расымен лайық па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нью-Йоркте нағыз жұлдызды шеру. Әйгілі актерлер «Gotham Independent Film Awards» марапатын алу үшін, қызыл кілеммен жүріп өтті. Николь Кидман, Дастин Хоффман, Джейсон Блум... Жүлде барлығына да бұйырған сияқты...

Киносаласының кіл мықтыларын анықтайтын шарада, ең бірінші болып Николь Кидман төбе көрсетті. Қызыл кілеммен жүріп өткен ол, журналистерге сұхбат берместен, құрбысы Риз Уизерспунмен амандасуды жөн көрді.

Екеуінің достығы «Большая маленькая ложь» телехикаясынан бастау алған. Қос актрисаның түсірілім барысында мінездерінің жарасқаны сонша, кейіннен Риз Никольдің үйінің жанына көшіп барған.

Николь Кидман, актриса:

-Иә, соңғы жылдары Риз екеуіміз жақын адамдарға айналдық. Ортақ жұмысты атқардық, мен оны қатты жақсы көремін. Ол өте жақсы адам.

Марапаттың арнайы сыйлығын еншілеген Николь Кидманмен салыстырғанда, Марго Роббидың қоржыны бос қайтты.

Марго Робби, актриса:

- «Тоняның» рөлін сомдау үшін, ұзақ уақыт конькиде сырғанап, біраз шынықтым. Спортшылар туралы көптеген видеолар көріп, өз-өзімді әбден дайындаған болатынмын.

Соған қарамастан, Марго Робби «Я Тоня» картинасындағы образы үшін, «үздік  актриса» жүлдесін ала алмады. Бірақ, өнерпаз бұл жеңіліске еш мойымақ емес.

Кинобәйгеде «Ферма Мадбаунд» тарихи драмасының айы оңынан туды. Себебі, аталмыш картинаның арқасында Джейсон Кларк, Мери Джей Блайдж, Джейсон Митчелл, Роб Морган сынды бір топ өнерпаз үйлеріне жүлдемен қайтты.

Ал, «Зови меня своим именем» үздік көркем фильм ретінде танылса, картинада бой көрсеткен Тимоти Чаламет «жыл жаңалығы» марапатына ие болды.