Бруклин Бэкхем Хлое Морецке үйленуге ұсыныс жасамақ па? Ғашықтар сақина таңдап жүргенде көзге түсті.

Сообщить о проблеме с эфиром

"Жаһан аруын" жар еткісі келетіндер қатары енді молаятын болар. Бруклин Бэкхем де хас сұлу Хлое Морецпен шаңырақ көтеруге ниетті сынды. Ғашықтар тіпті неке жүзігін де бірге таңдап жүр. Расымен, таяуда Бэкхемдер жанұясында дүбірлі той өте ме?

 

Попарации Бруклин мен Хлоені зергерлік дүкенде, әшекей таңдап жүрген сәтінде құрығына түсірген.Сондықтан да, көпшілік оларды неке сақинасын сатып алып жүр деп топшалайды. Сәуегейлік танытқандардың болжамы қаншалықты шындыққа жанасатынын таяу күндері білетін боламыз.

Ал, Гарри xанзада мен Меган  Марклдың таяу күндері ақ отау тігетіні анық. Бұл сүйінші xабарды корольдік отбасы қазір ғана жеткізді. Болашақ жұбайларды қуанышымен алғашқылардың бірі болып Уильям xанзада мен Кейт Миддлтон құттықтады. Таяу күндерде дүркіреп той өтпек.

Ал,Уилл мен Джада Пинкетт - Смиттердің қызы Уиллоу танымалдылықтан зардап шектім деп шағымданады. "Ата анамның атақ абыройына нұқсан келмес үшін әр қадамымды аңдап басуға мәжбүрмін "-дейді ару. Бұл оның толыққанды өмір сүруіне кедергі келтереді екен. Сылқымға жанашырлық танытуға асықпаңыз.17 жастағы бойжеткен дәл осы танымалдығы арқасында 4 млн доллар табыс тауып үлгерген.