Патша әулетінде қуаныш!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі актриса Меган Марклдың құлағына сырға салынды! Гарри ханзада қараша айында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс білдіріп, қос ғашық сөз байласқан көрінеді.

Гарри Уэльский ханзада:

-Ұсыныс білдіру үшін, күтпеген сәтті таңдадым. Меган екеуіміз асхана бөлмесінде едік. Тізерлеп тұра қалып, көңілімді білдірдім. Ол сөзімді аяқтамай жатып, бірден келістенін айтты.

Патша әулеті үйлену тойының да уақытын белгілеп қойған. Қос ғашықтың қуанышы 2018 жылдың көктемінде атап өтілмек.