Ретро кеш! Әртістерді әбігерге салған кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Клеш шалбар, хиппи, дискоман! Бұл стиль әсіресе 70-80-ші жылдардағы жастарға жақсы таныс. Сағынышқа айналған сол кездерді, жұлдыздар еске түсіріп көрді. Әртістердің басын қосқан ретро кешке Серікқазы Аязбаев та қатысып қайтқан болатын. 

Серікқазы Аязбаев, журналист:

-Құрметті көрермендер, біз дәл қазір клубтың ішіне кіріп, ерекше көрініске куә боламыз. Бұл 70-ші, 80-ші жылдары алаңда бидің түбін түсірген қыз-жігіттерді, ерекше ностальгияға бөлемек. Олай болса, көрейік...

Клеш шалбар киген қыз-жігіттерді би алаңына жинаған Абай Бегей. Әншінің ретро стильдегі клипі «Ностальгия» деп аталады. Ал, ол кезеңді көзбен көрмегендер, образдарын сәтті сомдау үшін ғаламтордың көмегіне жүгініпті.

Абай Бегей, әнші:

-Біз интернет арқылы, сол ретроларды көріп алдық. Қалай тұрғанын және де мына жерде актер, актрисалардың барлығына көрсеткенбіз, осылай билеу керек деп. Соны ұқсастырып жатырмыз енді. 

Клиптегі кейіпкерлерге «музарттық» Кенжебек, Меруерт Түсіпбаева, Серік Ибрагимов сынды танымалдар таңдалған. Ал, хореграфия мамандығын тәмәмдаған Айкерім Қалаубаева, 80-ші жылдардағы би қимылдарын қайталай алмай әбігерге түсіп жүр. 

Айкерім Қалаубаева, әнші:

-Училище қабырғасында әрбір қимылды, тура орындауға үйреткен болатын. Ал, мына жерде мынадай бір... Кішкене ол жағы қиындау болып жатыр. Мен енді классикалық биші болғаннан кейін... Бірақ, мына жерде ұялғаннан тырысып жатырмын.

Абай бұл бейнебаяны үшін қалтасын біраз жұқартқан. Әнші Қазақфильмнен 38 ретро костюм, түрлі аяқ киімді жалға алып, дәл осы ескі ғимаратты бір ай іздеп зорға тапқанын айтады. Ал, клиптегі көне музыкалық аспаптарды көріп, Ұлықпан Жолдасов аң-таң!   

Ұлықпан Жолдасов, әнші, композитор:

-80-ші жылдарға барып қайтқан жоқпыз. Жүрміз! Мына «Урал» деген гитара, біздің баяғы советский производство. Мұны 78-ші жылы ойнағанмын мен.Мұны сақтағанына таң қалып тұрмын.

Ретро стильдегі тың туындының тұсауы, жаңа жылдың қарсаңында кесілетін болады.