Атақты Майк Тайсонның Алматыға келуін қазақстандықтар қалай қабылады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Атақты Майк Тайсонның Алматыға келуін, күллі Қазнет әлі де қызу талқылауда. Оның жүзін көргендер мен фотоға түскендер тіпті армансыз шығар... Жұлдызды боксшы бизнес форумда халықпен тілдесіп, оңтүстік астананың түнгі клубтарының біріне де бас сұғып үлгерді.

Қаумалаған адамдар, ондаған камера  және қорғаштаған оққағарлар! Бұл Тайсонға тән салтанат. Атақты боксшы Алматыда өткен бизнес форумның спикері ретінде, Қазақстанға екі күнге ат басын бұрған.

Кәсіпкерлік-жиында Майк Тайсон халықпен емін-еркін тілдесіп, өз өмірбаянынан сыр шертіп, сұрақтарға жауап беруге тырысты. «Алматы Аренадағы» 9000 мың адамның ұлы боксшыға деген қошеметі зор, ал қойған сауалдарының көбі Головкинге қатысты.

Майк Тайсон,  кәсіпқой боксшы:

-Головкин тек жеңіспен келеді, бүйрегім GGG-ге бұрып тұратыны сол.  Қазақ боксшылары көбірек жаттығып, алған бетінен қайтпауы керек.  Қанат Ислам деген боксшы туралы да естігенім бар. Олардың мектебі  жақсы!

Бокстан кеткен соң, жеке шоуын ашып, кітап жазып, фильмдерде төбе көрсетіп өзінің жаңа образын қалыптастырған бірегей тұлға - Тайсон. Көргені мол экс-чемпион Головкинге ағалық ақылын айтты.

Майк Тайсон,  кәсіпқой боксшы:

-Біз ұқаспыз деп ойламаймын. Әсіресе сырт келбетіміз. Тек оның мен сияқты барлығын бірдей нокаутқа түсіретіні бар. Головкин Альвареспен екінші рет жекпе-жекке шықса табанды болсын. Басына соққы жіберіп алмас үшін, миымен жұмыс істеу керек"
Жұлдызды Майк, қазақстандықтарды қанаттандыратын сөз де айтты.  

Майк Тайсон, кәсіпқой боксшы:

-Ешқашан берілмеңіз! Көздеген биікті бағындыру үшін ақша мен таныстың болуы міндетті емес. Бір жектісткке жеткен адам, оны екінші рет қайталай алады.

Ресми шаралардан шаршаған Тайсон, кетераяқ деп Алматыдағы түнгі клубтың біріне де бас сұққан. Осылайша, Қазақстанға екінші мәрте келген Майк мырза, Қазнетті бір дүрліктіріп АҚШ-қа аттанып кетті.