«Музарттықтар» жоспарлы жеке концерттеріне неге жете алмай қалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шімән апа жайлы да жиі сын айтылады, бірақ, ол дәл «Музарттықтар» сынды басы дауға қалмаған болар! Эстрада дүлдүлдері Қарағандыдағы жеке концерттеріне жете алмай, көптің көңілін қалдырғаны бар.  Сонда, жергілікті жұрт әншілер мас болып қалғаннан, сахнаға шыға алмады деп шуласқан еді.

Астанадан жеңіл көлікпен Қарағандыға  жол тартқан Мейрамбек пен Сәкен сол күйі діттеген жерге жете алмаған.

Сәкен Майғазиев,  «Музарт» тобының әншісі:

– Аяқ астынан боран болып, боранның барысында екі көлік қақтығысып, жолда кем дегенде мына жаққа қарай 2000 машина, бері қарай 2000 машина Атбасардың екі ортасында сондай көлік кептелісі болып,  ешкім өте алмай...

Жеке кештері ақыры өтпей қалады. Дегенмен, алдын-ала ұшақпен жеткен Кенжебек Жанәбілов пен вокалды аспапты ансамбльдің өзге мүшелерін, концерт залынан көрген көпшіліктің көңілінде күдік ұялаған.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

– Кенжебекті көрдік, Сәкен мен Мейрамбек мас болып сахнаға шыға алмай қалыпты деген қаңқу әңгімелер, өсектер де кеткен.

«Музарттықтарға» қолайсыз ауа-райы қолбайлау болса, Кенталдың кешігуіне көп жағдайда өзі кінәлі болады екен.

Кентал, әнші:

– Самолетқа кешігіп қалдым, сөйтіп тойға бара алмай қалдым. Сөйтіп маған тойдың иелері ренжіп, айттым енді осындай-осындай... Пробка болады, сосын ұйқыдан тұра алмай уақытында.

«Ринголықтар» межелі жерге қайткенде де жетуге тырысады. Дегенмен, олардың да бірнеше мәрте келісілген тойға бармай қалған кездері бар.

Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:

– Біздің президентіміз, өзінің бұйрығы бойынша бізді шақыртып алған болатын өзіне. Сол себепті де, біз екі рет алдын-ала келісіп қойған, осындай бұйымтайларға бара алмай қалған болатынбыз.

Сәтін салғанда, той иелері түсіністік танытып, бойз-бендке ешқандай кінә артпаған.