Алтынбек Рахметов, Серік Ибрагимовпен қоштасты! Қос тараптың арасынан «қара мысық» өтті ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Естідің бе? Осыдан бастап Алтынбек Рахметов пен Серік Ибрагимовтың арасындағы әріптестік байланыс ресми үзіліпті!

Сонда, продюсер мен әншінің төрт жылға жалғасқан жұмысына нүкте қойылғаны ма?

Йә! Бүгінде Серік жеке кеткен, ал бұрынғы басшысы жаңа  өнерпаздарды қанатының астына алыпты.

Бұл Серіктің продюсермен жұмыс жасаған уақыттағы тұңғыш бейнебаяны еді.  Төрт жылдық әріптестіктен соң, қос тарап қоштасуды жөн деп шешкен.

Алтынбек Рахметов,  продюсер:

-Ұсыныс Серіктің тарапынан түсті. Жанұялы болды, балалы болды... Қазір жанымда ұстап, маңдайынан шертіп отыратын жағдайда емес ол. Сондықтан, қанаты қатайды деуге болады. Қанаты қатайғандардың ұядан ұшып кететін жағдайы бар. Оған біз дайын болдық.

Серік Ибрагимов, әнші:

-Негізі уақыт келді. Ойбай, кетіп қалыпты, бет көріспейді деген әңгіме емес. Сондықтан ағамыздың да, менің де бетім ашық. Кез-келген уақытта, кез-келген жерде жүзесіп, амандасып, сөйлесіп кете береміз.

Серік инста парақшасында, продюсерінің Алтынбек екенін әлі өзгертпеген. Бәлкім, бұрынғы басшысына деген құрметі болар. Ал, Ибрагимовті тойында көргісі келетіндер Рахметовке телефон соғып, тыныштық бермейтін көрінеді.

Алтынбек Рахметов, продюсер:

-Қазірге дейін Серікті менің телефоныма звондап, тойға шақырып тұрады. Бағдарламаларға шақырып тұрады, администратордың телефонын беріп тұрамын. Тікелей хабарласа беріңіздер, қазір қолым тимей тұр, графигі өзінде, соған хабарласыңыздар деп...

Бүгінде Алтынбек мырза жаңа жобаның тізгінін қолға алған. Ол, алдағы уақытта, бірнеше отандық ән додаларының финалисті Райымбек Сатыбалды есімді жас әншінің жұлдызын жағуға ниетті.