Ерке Есмаханның «KZ жігіті», «Қайда» хитінің жетістігін қайталай алды ма?! Сылқымға сұраныстың саябырсығаны рас па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Еркенің «Қайда» әнінің бейнебаяны, қаралымы жағынан рекорд орнатып, әнші аталмыш видеоның жалғасын жарыққа шығарған еді. Қазіргі таңда «Кз жігіт» клипі, алғашқы хиттің жетістігін қайталай алды ма?! Тың трек туғалы, Есмаханға деген той иелерінің сұранысы қалай?!

«Қайда» хит болғалы, өмірімнің басым көпшілігі ұшақта өтеді», - дейді Ерке. Иә, танымалдылығы артқан әншіге еліміздің әр аймағынан ұсыныстар түсіп, бүгінде той-думанның гүліне айналған. Ырғақты әуен бикештің қалтасын қалыңдатып қана қоймай, тыңдарманның Есмаханға деген қошеметі де еселенген көрінеді. 

Ерке Есмахан, әнші:

-Әрине мен үшін өзгерді. Мен өзім өзгермесем де, жан-жағымдағы маған деген қарым-қатынас өзгерді. Сондықтан да, мен өзім қуаныштымын. Бірақ, асып-тасып бара жатқан ештеңем жоқ. Сол баяғы Еркемін.

Бұл ән «Қайданың» жалғасы! Бірақ, дәл осы тың тректі таныстырғалы Ерке қыздың белсенділігі бәсеңдей түскендей.

Ерке Есмахан, әнші:

-Кішкене басылып қалғанбыз. «Қайда» біріншісінде 5 күннің ішінде миллион жинап, рекорд жасаған. Ал, «Кz жігіт» одан асып түсті, екі күннің ішінде миллион жинап, рекорд жасады. Қазір міне 2-3 апта болып қалды, 5 миллионға жетті. Жаман емес.

«Кz жігіті» клипінің қаралымы көңіл қуантарлықтай болғанымен, сауық-кештердегі сұранысы саябырсыған сыңайлы. «Қайда» хитінің жалғасын тыңдауға келгенде, тойшыл қауымның салғырттығы сезіледі екен.    

Ерке Есмахан, әнші:

-Шыны керек, осы «Қайда» әнін айтпаған жерім жоқ шығар. Барған жерімде 2-3 рет айтамын.