Ксения Собчак та бүгінде ел аралап, іссапарлатып жүр екен.

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл жолы өнер шарасы емес, жеке сайлау алды кампаниясымен үгіт-насихат жүргізуде. Ресейлік сылқымның саяси белсенділігі, отандық жұлдыздардың да шабытын оятқандай. Біздің әншілер де жаппай билік басына кетуге құштарланып отыр.

Ксения Собчак сынды Президенттік «тақтан» дәмеленбесе де, отандық жұлдыздар саясат сахнасында да «із қалдыруға» қарсы емес. Өнер өкілдері өз әріптестері арасында, билік тізгінін ұстауға лайықтыларды атады.

Әділжан Умаров,  «Ринго» тобының әншісі:

– Біздің Данияр Өтегеннен де мықты саясаткер шығар еді. Өзінің мамандығы – дипломат! Болмысы да соған сай. Кез-келген мәселені  байыппен, сауатты шеше алады.

Шоу бизнестегі аға буыннан, мемлекет ісін өрге дөңгелетуге Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Абдуллин қауқарлы көрінеді.

Шолпан Бейсенова, «Домино» тобының әншісі:

– Нұрлан ағамыз! Өйткені ол керек кезде күліп сөйлей алады, керек кезде өзі нақты сөйлейді, өте строгий сондай...

Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:

– Сәкен Майғазиев ағамыз. Күрделі тақырыптарды талқылайды, адамдармен бөліседі. Өз пікірін білдіреді деген сияқты...

Сахнадағы нәзік жандылар да, саясатта осылдық танытпайды деседі. Әсіресе, мұндай лауазымды қызметке орта жастағы әншілер лайық деп танылуда. 

Әсем Жакетаева,  әнші, актриса:

– Әрине Баян Есентаева ханым, Алуа Қонарова. Олар сондай әділ, халықтың жағдайын ойлайтын, әйел жағдайын ойлайтын ханымдар.

Әнел Әрінова, әнші:

– Нағима Есқалиева, Айжан Нұрмағанбетовалар саясатта болуға лайық. Олардың өмірлік тәжірбиесі мықты.

Алтынай Жолдыбаева да, туған әпкесін билік «тұғырынан» көргісі келеді.

Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының әншісі:

– Камшат Жолдыбаева. Өйткені, оның мінезін бес саусағымдай білемін. Қаншалықты жанашыр екенін, қаншалықты әртүрлі нәрселерге бас қатырып, ойлайтынын. Әрдайым адамдарға көмектесуге дайын.

Қазір де ел басқару ісіне белсене кіріскен спортшылар мен өнер иелері баршылық! Мәселен, жас халық қалаулылары – Асылхан Төлепов пен Серік Сәпиев!