«Құлпынай иісі» телехикаясының жұлдызы Алматыда! Юсуф Чим пен Демет Өздемирдің қазіргі қарым-қатынасы қалай?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Құлпынай иісінің» әр бөлімін қалт жібермей көретін жандар экранға жақынырақ жайғасамыз. Аталмыш түрік теле-новелласының жұлдызы Юсуф Чим Алматыда! Миллиондаған арудың арманына айналған актердың, сериалдағы сүйіктісі Демет Өздемирмен қазіргі қарым-қатынасы қалай?! Жұлдызды жұптың дүбірлі тойы қашан?!

Иә, дәл осы «Құлпынай иісі» телехикаясы Юсуфтың кино әлеміндегі  жұлдызын жаққан еді. Ал, аталмыш көп сериалы картинада ғашықтардың кейпіне енген актер мен актриса Демет Өздемирдің махаббаты өмірде де жалғасын тапқан-ды! Бүгінде жарасымды жұптың қарым-қатынасы қалай?!  

Юсуф Чим , актер:

-Бұл менің өміріме қатысты өте жиі қойылатын сауалдардың бірі. Демет Өздемир екеуіміздің арамызда қазіргі таңда ешқандай қарым-қатынас жоқ. Біз осыдан бір жарым жыл бұрын барлығына нүкте қойғанбыз. Қазіргі таңда көңіл жарастырып жүрген ару жоқ. Сондықтан, басым бос!

Жеке өміріне қатысты сауал, түрік актерына бір күнде бірнеше рет жолданатыны бар. Юсуф пен Деметтің махаббат хикаясын алғашқылардың бірі болып білгісі келген Ләйлә Сұлтанқызы екен.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші, журналист:

-Аэропорттан түскелі бері «Әй, не болып жатырсың Деметпен», - деп мен оның есін шығардым ба. Ол айтпай біраз күледі. «Әй, сендердің басқа сұрақтарың жоқ па?», - деген сияқты. Одан қала берді Еркемен шәй ішіп отырсаң Ерке де сол сұрақты қойып еді. Өліп күліп жатырмыз ғой құдай...

Бүгінде Юсуф Чим «әмбебап әртіс»! Оның модельдік мансабы, әншілік пен актерлығы және тележүргізушілік қыры тағы бар. Ал, бірнеше өнерді бір басына тоғыстырған талант, табысты қай кәсібінен көп көреді?! 

Юсуф Чим, актер:

-Менің негізгі кәсібім әншіліктен бастау алған болатын. Бірақ, кейін маған көптеген картиналарға деген ұсыныстар түсе бастады. Алғашқыда бас тартып келген едім, соңында актерлық мансабымды қолға алуға тура келді. Сөйтіп, көпшілікке актер ретінде танылып, қазіргі таңда қарқында жұмыс жасаудамын.

Айта кетейік, Алматыға ат басын бұрған түрік актеры, қазақстандық жұлдыздарға табысталатын ұлттық музыкалық жүлденің салтанатын, Ерке Есмаханмен бірге жүргізуші ретінде тізгіндейтін болады.