Той десе ат тонын ала қашатын «Рензолық» серілер мен Айри қайдан табыс табады?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Рензолық» серілер мен Айридің бейнебаяндарын да үздік деуге болар. Себебі, жарыққа шыға салысымен отандық чарттарда көш бастайды.  Сұраныста болғанымен бұл жас әншілер тойға шығып, нәпақа табуға қарсы. Сонда, олардың қалтасына ақша қайдан түседі?

Кәсіби музыкант Сымбат және Әлия Рақышевтардың қызы Айридің бүгінде атағы асқақ. Көпшілік, арудың халықаралық байқауларда бақ сынауына,  шығармашылығын шыңдауына ата-анасының қаржысы көмектесті деп біледі. Жас әншінің сөзінше одар тек рухани демеуші, ал өнеріне жұмсалатын шығын продюсерлер мойнындағы жүк екен. 

Ayree, әнші:

– Енді, жалпы жағдайымыз жақсы. Себебі, біздің контрактіміз бар. Концерт қойғанда, гонорар алғанда процентін алады, ай сайын зарплатасы болады. Концерттер өте-өте көп. Осы жақында гастрольдік сапармен мен Пекинге ұшамын.

Продюсерлермен жұмыс бастаған бірінші жылында, Айри өз өзін ақтайтын жобаға айналған. Дегенмен, шығармашылығы әзірге пайдаға кенелтпесе де,  тойсыз-ақ қаржы табуға болады деп сендірді ол.

Ayree, әнші:

– Бірінші күннен продюсерлермен жұмыс істегенде маған айтты: - Ол той проект емес. Концерттерге шығатын әнші боласың, деп.

Той жағаламай-ақ ақша табуға болатынын «Рензолық» серілер де растайды. Алуа Қонарова оларға тек ірі сахналардан ғана бой көрсетесіңдер деген қатаң талап қойған.

«Renzo» тобы:

– Бізге тойға шықпағанымыз үшін ақша береді десең..! Қазіргі кезде площадькаларда, яғни алаңдарда өлең айтып, концерттер қазір өте көп өткізілуде. Сол бағытта дамып жатыр біздің шоу-бизнес. Көбінесе, сондай алаңдарда жұмыс істейміз.

Үлкен концерттерге шақырту алу, кез-келген әншіге бұйырмайтын бақ. Ол үшін нағыз шоу жасай білу қажет.