Жылдың үздік тректері таңдалды! Ал, продюсер Алуа Қонарова неге ашулы?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл соңында үздіктерді іріктейтін ұлттық музыкалық жоба, өнер өкілдеріне қуанышты да, өкінішті де қатар сыйлайды. Мәселен, Алуа Қонарованың мұндай марапаттардан көңілі қалғаны қашан. Таңдаулы әндерді сарапқа салған бұл премияда, продюсердің жобаларына жүлде бұйырмаған көрінеді...

 

Былтыр «Жыл таңдауы» премиясынан қанжығасы бос қайтқан Қонарованың командасы, бұдан былай мұндай марапаттарға қатыспайтынын айтқан-ды. Алайда, жоба авторлары Алуаны райынан қайтарған. 

Алуа Қонарова, продюсер:

-Шынымды айтсам, бұл премияға сенбеймін. Өйткені, әділдік жоқ! Әншіге достары мен жақындары дауыс береді. Олар музыкант емес қой. Кәсіби сарапшылардың шешімі дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, жобаларымды қатыстырғым келмеген. Бірақ, өтінген соң, сахнаға шығуымызға тура келді.

Алуа ханым, үздік әндер мен орындаушылар сұрыпталатын сайысқа «Аюми» мен «Рензо» тобын тағы бір мәрте қосып көрген еді. Алайда, азулы продюсердің жобалары бұл жолы да жүлдесіз қалды.

«Renzo» тобы:

-Шынымен де, бір мынадай мүсіншеде тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы, халықтың көңілінен шықсақ сол жетеді.

Ал, отандық шоу-бизнестегі өзге өнерпаздар, жүлдесіз қалған әріптестерін жұбатып әлек...

Айқын Төлепберген, әнші:

-Біреуге ренжудің қажет жоқ. Өзіңе ғана ренжу керек менің ойымша.

Дастан Оразбеков, әнші:

-Қатты бір көңіл түсіретін дүние емес шығар деп ойлаймын. Өйткені, егер сен «Жыл таңдауына» келіп, мыңдаған халықтың арасында өнер көрсетсең, соның өзі үлкен жүлде деп ойлаймын.

Биылғы жылдың ең үздік хиті қай ән?! Жұлдыздарға да осы сауалды қойдық. 

Ғалымжан Молданазар, әнші:

-Биылғы хит ол әрине Ерке Есмахан!

«JayRan» тобы:

-Ерке Есмхан ғой! «Жоқ-жоқ», «Қайда»

Айдана Меденова, әнші:

-Әрине, Ерке Есмахан!

Иә, «Қайда» хиті топ жарды! Жалпы, жылдың ең таңдаулы тректеріне 20 номинация тиесілі. Дауыс беру нәтижесінде Әли Оқапов, Айқын, Кәмшат Жолдыбаева  «Музарт» тобы сынды өнерпаздар үздік деп танылды.