Аптаның кино тұсаукесерлері

Сообщить о проблеме с эфиром

Криминалды триллер, махаббат драмасы, фэнтези, комедия, тіпті хорор! Бұл аптада тұсауы кесіліп, үлкен экранға жол тартатын картиналар талғампаз көрерменнің сұранысына әбден лайық. Әсіресе, Антонио Бандэрес, Блейк Лайвли, Мила Кунистердің айтары бар!

«Очень плохие мамочки – 2»! Жаңа жылдық көңіл күйді, қарбалас пен мерекелік қуанышты қатар сыйлайтын комедия!

Мила Кунис «сомдаған кейіпкерім өзіме ұқсайды,» - дейді. Актриса екі перзенті мен Эштон Катчердің қамын ойлап, кейде бір шыны шәй ішуге уақыт таппайтын сәттерім картинада көрсетіледі деп еске алады.

Мила Кунис, актриса:                                                                                          

– Мен әлі күнге қалай жынданып кетпей жүрмін дейсіз ғой? Бітпейтін үй тірлігі шаршатқанда қатты шыңғырып, бір сергіп аламын. Сосын, күніне бір сағат уақытты тек өзіме арнаймын.

Драмаға ден қоямын десеңіз Блейк Лайвлидің қатысуымен таспаланған «Вижу лишь тебя», әлде Кевин Спейсимен «За пропастью во ржи» немесе Ольга Бузова ойнайтын «Жги» туындысын тамашалағайсыз!

Эдриан Броуди, Антонио Бандэрос пен Джон Малкович қойма тонайды! Криминалды триллер көрермен асыға тосқан фильмдер тізімінде көш бастап тұр.

Қу қаражаттың соңында қылмысқа барғандар жайлы «Четверо против банка» картинасында да суреттеледі. Бірақ, оқиға желісі түгелдей әзілге негізделген.

Қорқынышты хоррорды қалап, андреналин іздесеңіз «Счастливого дня смерти» -ді көріңіз. Бас кейіпкер өзін өлілер әлеміне аттандырар жанды іздеу барысында, түрлі хикаяға тап болады.