«Despacito» әні биылғы жылдың ең үздік хиты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Пуэрторикалық музыканттар ұсынған «Despacito» әні де бірнеше марапатты қанжығалап үлгерді. Биылғы жылдың ең үздік хиты болғанын – ол,  YouTube-тағы рекордты жетістігімен тағы бір дәлелдеді. Видеохостинг тарихында 4 миллиард 400 миллионнан астам қаралым жинаған тұңғыш әрі әзірге жалғыз бейнебаян осы. Сондықтан да,  YouTube-тегі ең танымал музыкалық туындылардың көшін бастап тұр.

Екінші сатыға британиялық әнші Эд Ширан жайғасқан. Оның «Shape of You» синглын 2 миллиард 800 миллион ғаламтор қолданушы тамашалап үлгерген.

Үздіктер үштігін Джей Бальвин мен Уилли Уильям қорытындылайды. «Mi Gente» бейнебаяны видеохостингтің бір миллиард 300 миллион қолданушысының талғамына дөп келген.