«Мені тек ханшайымдар қоршайды!» «Скала» Дуэйн Джонсон үшінші қыздың әкесі атанады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Дуэйн Джонсон биыл өнер көрсеткен «Форсаж -8» де, «Малибу құтқарушылары» да сыншылар пікірінше сәтті шықты! Актердің тек киномансабында ғана емес, жеке өмірінде де жағымды жаңалығы жетерлік! Ол енді үшінші рет әке атанады.

Тұңғыш қызы – алғашқы некесінен дүниеге келгенді. Екінші рет әнші Лорен Хашианмен шаңырақ көтеріп, тағы бір ханшайымның асқар тауы атанған. Актер бұл жолы: «құтты баспанамда таяуда сәбидің іңгәлаған үні шығатын болды» деп сүйіншілеп, жаңалығын инста парақшасында жариялады.

-Біздің Жасмин Лия маңызды хабарымен бөліскісі келеді! Ол әпке атанып, кішкентай сіңілісімен танысатын көктемді асыға тосып жүр!

Салмағы 120 келіге дейін жеткен Мэрайя Керидің де құрсығына құт біткен шығар деп түйгенді көпшілік. Бірақ, үміттері ақталмады. Тым толысып кеткен бикеш, енді ғана арықтауға шындап кіріскен. Сөйтіп, аз уақытта 12 келі салмақ тастады. Инсайдерлерге сенсек, әнші тек қатаң ем-дәмді сақтаумен шектелген жоқ. Асқазанын кішірейту үшін арнайы ота да жасатыпты.

Андрей Малахов алаяқтардың құрбанына айналды. Бәзбіреулер тележүргізушінің атын жамылып, жетімдер үйінің есепшотына аударамыз деп әлеуметтік желіде ақша жинаған. Біраз қаржыны қалталарына басқан соң, табандарын жалтыратыпты. Мұндай «қылмысты істен» кеш хабардар болған Малахов, кибер – алаяқтарды іздестіруге кірісті.