«Ол өмірімдегі ең қорқынышты құбыжық»! Харви Вайнштейннен кек алуға ниеттілер қатарына Сальма Хайек қосылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл тізімге Харви Вайнштейннің есімі енбей қалғаны таңқалдырады. Себебі,  актрисаларды «ойыншық» еткен продюсерге, айып тақпаған Голливуд жұлдыздары некен – саяқ! Енді, Сальма Хайек сөйледі. Айтуынша, продюсер  оның жалаңаш бейнесін көру үшін озбырлыққа барған.

«Харви Вайнштейн ұзақ жылдар бойы мені төсекке тартпақ болды» деп жазады актриса эссесінде.

-Түннің бір уағында да қонақ үйдегі бөлмеме баса көктеп кіріп келе беретін. Бірге суға түсейік дейді, массаж жасауымды сұрайтын.

Арам пиғылы ақыры іске аспаған соң, оның мансабына нұқсан келтіруді бастаған. Ақыры Хайек пен Вайнштейн ортақ фильм таспалап, продюсер Сальманы сценарийге сай, әйел адаммен төсектес болуға мәжбүрлеген. Енді, бикеш «өміріндегі ең қорқынышты құбыжық» лайықты жазаланса деп тілейді.

Дженнифер Лопесті өзге дүние толғандырады! Нақтырақ айтсақ, бикеш сүйіктісінің сақина ұсынар сәтін асыға тосып жүр. Инсайдерлерге сенсек, бұл қуанышты күн де қыр астында. Алекс Родригес те оңтайлы сәт туса, тұрмысқа шығуын өтінемін деген ниетте екен.

Таяуда, ең әдемі қалыңдық көйлегін киіп, Алекс Де Кидпен некемізді қидырамыз деген Холли Берридің арманының күлі көкке ұшты. 35 жастағы музыкалық продюсер мен елуді еңсерген актриса арасында кикілжің туып, олар бет көріспестей жүз шайысып қалған. Бұл араларындағы сыйластықты жойып, албырт сезімді де сөндірді.