Ерке Есмахан Стамбулға аттанады! Қазақ қызының түрік актері Юсуф Чиммен дуэт жазудағы мақсаты не?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда Ерке Есмахан мен «Құлпынай иісі» теле-новелласының актеры Юсуф Чимнің орындауында жаңа дуэт жарыққа шықпақ. Бұл жолы қазақ қызы мен түрік жігітінің жолын тоғыстырып, дәл осы идеяның жүзеге асуына себепкер болған Ләйлә Сұлтанқызы екен...

Ләйлә Сұлтанқызы, журналист, тележүргізуші:

-Юсуфқа алдында мен Ерке туралы көп ақпарат берген болатынмын. Давайте, Ерке екеуің «Қайда» әнін жазайық деп. Ол Еркенің бүкіл әндерін тыңдап шыққан. «Маған мына ән ұнады, мына әні де күшті екен», - деп біраз уақыт сараптағанбыз.

«Құлпынай иісі» сериалының жұлдызы мен Ләйлә ханымның бұл әріптестікті талқылағанына үш айдың жүзі өтіпті. Сұлтанқызының сөзінше, түркі тілдес бауырлардың бірлескен жобасы жемісті болмақ.   

Ләйлә Сұлтанқызы,журналист, тележүргізуші:

-Ерке қазіргі уақытта өтірік емес, қаралым жағынан алдыңғы қатарда тұрғандығы. Сол себепті олар да түсініп отыр. Оларға да Қазақстанның аудиториясы керек.

«Сондай-ақ, бұл шығармашылық тандем, Ерке қыздың да халықаралық дәрежедегі әншілермен деңгейлесе өнер көрсетуіне мол мүмкіндік туғызып отыр», - дейді Сұлтанқызы. 

Ләйлә Сұлтанқызы, журналист, тележүргізуші:

-Ерке де жақсы түсініп отыр, ол түрік жігіті арқылы Еуропаға шыға алатынын. Демек, бұл жерде екі жақтың да қызығушылығы бірдей. Бұл жерде Ерке қатты қызығуда, немесе Юсуф қатты қызығуда деп айтуға болмайды. Оларда бірдей түсінік бар да...

Юсуфтың Қазақстанға келген сапарында, қос тарап алдағы жоспарды жүзеге асырудың түрлі жолдарын толыққанды қарастырып қойған. Жарыққа шығатын жаңа дуэт 50-50%, яғни, қазақ және түрік тілдерінде жазылатын болыпты.

Ләйлә Сұлтанқызы, журналист, тележүргізуші:

-Осы жолы Ерке өзі Стамбулға баратын болды. Бұл ән Еркенің де репертуарына кіретін ән болады, дуэттік ән және оның да репертуарына кіретін болады. Ал, ол ән нақты «Қайда» әні болады ма, басқа ән болады ма, оны өздері шешеді...