Достық әлде марапат? Николь Кидман Риз Уизерспун екеуі «Актерлер Гильдиясының» арнайы жүлдесіне таласпақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Киносаласының үздіктерін анықтайтын, АҚШ-тың «Киноактерлер Гильдиясы» марапаты үміткерлер тізімін жариялады. Енді, «Большая маленькая ложь» картинасында төбе көрсеткен қос құрбы Николь Кидман мен Риз Уизерспун, бір жүлдеге таласпақ!

«Актерлер Гилдиясы» марапатына ықыластылар ішінде, «Три биллборда на границе Эббинга, Миссури» картинасының дәмесі зор. Дарынды режиссер Мартин МакДонның туындысы, төрт бірдей аталым бойынша таласқа түспек. Вуди Харрельсон мен Сэм Рокуэл арнайы жүлдені еншілеуі де бек мүмкін...

Ал, «Драмалық телехикаядағы ең үздік актерлік ансамбль» марапатына үміттілер тізіміне тек кіл мықтылар енген. «Игра престолов», «Корона», «Рассказ служанки», «Очень странные дела» және «Это мы» картиналары.

Бірнеше аталым бойынша бақ сынаған туындылар қатарында «Большая маленькая ложь» картинасы да бар. Телехикаяда төбе көрсеткен қос құрбы Николь Кидман мен Риз Уизерспун да, «үздік актриса» марапатынан дәмелі.  Достыққа адал арулардың қайсысы үздік шығары, көпке қызық...

Николь Кидман, актриса:

-Соңғы жылдары Риз екеуіміз жақын адамдарға айналдық. Ортақ жұмысты атқардық, мен оны жақсы көремін. Ол керемет  адам.

Стив Карелл, Гэри Олдман, Дензел Вашингтон, Салли Хокинс, Марго Робби сынды танымал актерлер де номинаттар қатарында. Ал, жеңімпаздар алдағы жылдың 21-қаңтарында анықталмақ.