«YouTube» жұлдыздарының жыл қорытындысы! Қазақстандық блогерлер ең танымал әндерге ортақ бейнебаян түсірді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Олар, хайптан тыс қалмай, үнемі трендте болуды да ұсынады. Мәселен, өздері осы жылы ютубта хит болған туындыларға бейнебаян түсірген.    Сонымен, «қайда» сол «зың – зың» клип?!

«Jokeasses» - тік бұрымдылар мен бозбалалар һәм Бика Бризи Еркенің әніне бекерден-бекер ынтық емес. Ең алғаш 44 миллион  қаралым жинаған отандық бейнебаян, вайнерлердің де атағын асқақтата түсуге үлкен сеп.

Бұл бейнероликте Есмахан сылқымның өзі де бар. Тек, салған әні басқа. Ол Қазнеттің асқан қызығушылығына бөленген Элджей мен Feduk — тің «Розовое вино» трегі!

«Между нами тает лед» хитінің Қазақстандықтарға бейімделіп жазылған нұсқасын, Русик таксист пен оның командасы және «Штат Небраскалықтар» орындап шыққан. Әуел баста «Юфрейм»-нің дәл осы туындыға жасаған пародиясы еліміз тұрмақ, Ресейліктер арасында да кең таралып кеткенді.

«Юфрейм» де бұл роликте жүр. Вайнелер еншісіне «зың-зың» трек тиген.

Олардан бөлек «Шоу Ирины Қайратовны», «Аминка – Витаминка», «Ха-Ха – шоу» да бой көрсетті.