«Алтын глобусқа» тек қара көйлекпен келеміз! Жұлдыздар total black стилімен ереуілге шықпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Яркость» фильмінің тұсаукесеріне келген танымалдардың стилін қызу талқылап жатқан фэшн сыншылар, «Алтын глобус» салтанатында айтарға сөз таппай қалатын сынды. Себебі, Голливуд жұлдыздары бірауыздан тек қара киіммен келуге уағдаласыпты. Бұл жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы тастаған үндеулері болмақ.

Биыл Голливудта зорлық көрген нәзік жандылардың жанайқайы жиі естілді. Сондықтан олар, «Алтын глобусқа» жаппай қара киіммен келіп, зәбір көргендерге қолдау білдірмек. Яки, бұл сорақылықты тоқтату бастамасына, дәл осылай үлес қосуды көздеп отыр.

Ал, Дрейк болса Анджелина Джолиден дәмелі! Сері сылқыммен махаббат құруды армандайтындай! Мұны инсайдерлердің растағаны өз алдына, қауесетті инстаграмдағы фотосымен рэпер де ушықтырды. Үстел басында жалғыз қамығып отырған суретін жүктеп, Анджелина Джолидің аккаунтын белгіліп қойыпты. «Кездесуге келмеді..» деген жазбасы тағы бар.

Селена Гомес сан серінің көңілін қалдырса да, жанкүйерлерінің өтінішін орындаудан бас тартпайды. Бұл жолы да сылқым тыңдарманына тосын сый жасады. Радиостанцияға келіп, виртуалды көзәйнек арқылы кумирімді көремін деп армандаған бір бойжеткен, дәл қасында Селенаның тұрғанын білгенде қуаныштан есінен адасып қала жаздады.