Жанды дауыс әлде фонограма?! 2017-ші жылы ел алында есеп берген әншілердің қулығы әшкереленді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тірі дауыс немессе фонограмма! Осы жылы ел алдында есеп берген әншілердің қайсысы тыңдарманы алдында шынайы өнер көрсетті? Ал, жарнамасын жарқыратып залды лық толтырған соң, халықтан қулығын асырғандар кімдер? Биылғы өткен концерттерге шолу жасап көрейік.

«Ай-хай 25» деп, Алатау баурайында 5 күн шоу жасап, Төреғали әріптестері арасында рекорд орнатқан еді. Төрәлінің ұлы 4 кезеңнен тұратын концерттің, соңғы бөлігін ғана, «Ұлытау» тобының сүйемелдеуімен жанды дауыста орындап шықты. 

Ұлттық нақыштағы жобаларды жанына жиған Алашұлы да биыл ел алдында есеп берді. Толықтай жанды дауыста өткен кешке, этно-топ жігіттері бір ғана сахналық костюм тіктірген.

«Алашұлы» тобы:

- Бұл киім бізге өте ыңғайлы болды. Өздеріңіз көріп отырғандай мына тесіктері өте көп. Біз енді терлейміз, билейміз, қанша тер ағады. Соның барлығы білінбей кетті.

Қара бала да фонограмаға бауыр басқандардың қатарынан емес! Кәсіби сахнадағы 10 жылдығын атап өткен суперстарлық сері, мерейтойында керісінше образдарына көбірек қаржы жұмсаған.

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Арзан емес! Расында да 4 образды бастан-аяқ видео контентпен, сахнамен бірге ойластырып және де сахнада қозғалатын бишілермен жарасымды болу үшін соған дейін ойластыру, бастан-аяқ носкиден ременьге дейін ойластырылған нәрсе ғой енді. Бабочка, очки...

Ал, Ернар Айдар жанды дауыстағы кеш беруге әлі әзір емес. Әнші жігіттің 5 жылдық мерейтойы 100 пайыз фонограмамен өтті. Жол апатынан кейін халықпен алғаш рет қауышқан өнер иесі, сахнаға қайта оралғанына қуанышты.

Ернар Айдар, әнші:

-Мен аман-есенмін. Әуелі Алла, сосын сіздердің арқаларыңызда. Бірігіп бір, бір-бірімізге деген сағынышымызды басайық деген ән кеш қой былайша айтқанда…

1987-ші жылы өнер әлеміне қадам басқан Бесбаев та, биыл сахнадағы 30 жылдығын атап өтті.