Алтынайдың ашуына тиген кім?! Жорабаева жағымсыз пікір жазғандарды қалай жазаламақ?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шектен шыққандар! Желіге жүктеген әр постына жағымсыз пікір жазатын оқырмандары Жорабаеваны шаршатқан. Бүгінде ашық айқасқа бел буған Алтынайдың, «қара ниетті» хейтерлерге айтары бар екен... 

Су жаңа суреттерін салып, әр қадамын желіге жүктейтін Жорабаеваның, соңғы уақытта оқырмандарынан көңілі қалған. Әншінің инста әлемдегі белсенділігін байқағандар, Алтынайдың тың фотоларын басқаша бағамдайтын көрінеді.

Алтынай Жорабаева, әнші:

-Көбінесе айтады Алтынай қайта-қайта шыға беретін болыпты. Болмаса, шошаңдап кетіпті осы кезде дейді. Ал көңілің түсіп қалса бәрі сені аяп, «ниже плинтуса» болып кетесің де. Мен олай болғым келмейді. Осы ажырасқалы бері құтырып кетіпті деген сияқты нәрселер болып жатады.

Инста парақшасында шығармашылығындағы тың ақпараттарымен бөлісіп, салауатты өмір салтын насихат ететін әнші, «жиі пост жариялауымның жанұямдағы келеңсіз жайтқа қатысы жоқ», - деп отыр.

Алтынай Жорабаева, әнші:

-Біреудің басына түскен іс... Мысалға, айналаңның барлығын ол негативпен жараландыра берумен болмайды деп ойлаймын. Сол себепті, мені қалай қабылдағылары келеді, ол тыңдармандардың өз еріктерінде. Мен ешкімді өзгертуге тырыспаймын. Қалай бармын, солай қабылдау керек деп ойлаймын. Мен өнер адамымын, мен әйелмін, мен анамын...

 Бүгіңде 4 қыздың анасында 1 миллион 500 мың оқырмандық аудитория бар. Ал, жеке басына тіл тигізіп, жағымсыз пікір жазатын желі қолданушыларының қисынсыз қылығын Жорабаева былайша жориды.

Алтынай Жорабаева, әнші:

-Мен оған қызық емес болсам, ол менің парақшама кірмейді. Демек мен қызық болып тұрмын. Ол өзінің үйінде болған көңіл-күйінің түскеніне, мен дөп келіп қаламын да. Содан кейін, мен оған ұнамай қаламын. «Неге бұның көңілі күшті болып тұр, неге менікі төмен деген сияқты?!» Ішіндегі ашуын маған жаза салады.