Қазақтың Мессиі атанған жас футболшымыздың Ресей премьер-лигасында жұлдызы жана ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақтың Мессиі! Бұл 18-ге енді толатын Еркебұлан Сейдахметке қазақ футболы жанкүйерлерінің таққан айдары. Қазір жас аяқдопшы «Уфа» клубының Кипрдегі оқу-жаттығу жиындарына қатысуға аттанды. Ресей премьер-лигасындағы оның келешегі қандай болмақ?! 

 Еркебұланның өткен жылы Санкт-Петербордағы "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінде жұлдызы жанып, «үздік сұрмерген» атанды. Кейін азулы «Зенит» қызығушылық танытып, осы клубтың жастар құрамасымен ол тағы бір футбол додасында ойнап, 35 минут ішінде покер жасады.

2017 жылы Қазақстан премьер-лигасында «Тараз» сапында доп тепкен Сейдахмет, 15 кездесу өткізіп, бір гол соқты. Бүгінде Еркебұлан жайлы күллі Ресей футболы естіп-білді. Ол  Башқұртстанның «Уфа» командасымен Кипрдегі 12 күндік оқу-жаттығу жиынында жүр.

«Уфа» талантты футболшы Зинченконы тәрбиелеп, кейін 20 жасында оны Манчестер Стиге сатқан болатын. Клубтың ендігі көздегені қазақ баласы Еркебұлан Сейдахмет. «Зенитте» қосалқы құрамда отырғанша, жас ойыншымыз «Уфада» жасыл алаңға шығу мүмкіндігін таңдаған. ФИФА ережесіне сай 23-ақпан күні Еркебұлан 18 жасқа толған соң, алғашқы келісім-шартына қол қоймақ.