Бейбітшілікке шақырамыз! Нью-Иоркте «Кавалерия» картинасының тұсауы кесілді...

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай арудың жүрегін жаулаған Крис Хемсфорд, енді қолына қару алып дұшпандарымен айқасып жүр. Нью-Йоркте көптен күткен «Кавалерия» картинасының тұсауы кесілді. Әскери драмада жүйрік атпен жүйіткіп шапқан актердің жаңа образына, көрермен қауым бірден үйренісе алмапты.

Марвел жанкүйерлеріне «Тор» кейіпкері арқылы етене таныс Крис Хемсвордқа,  бұл әскери драмада жаужүрек жауынгер образы бұйырған.                                        

 Крис Хемсворд, актер:                                                                                       

- Фильмдегі кейіпкерім көбінесе аттың үстінде айқасады. Бұрын жылқыға мініп көргенмін, сондықтан маған аса қиынға соқпады.

Драмалық туынды жазушы Дуг Стэнтонның ғылыми кітабының желісімен таспаланған. Сюжет бойынша, Америкада орын алған 2011 жылғы лаңкестік әрекеттен соң, бір топ агент Ауғанстанға аттанады.    

 Николай Фьюлси, режиссер:                                                                                   

-Картина әлемді бейбітшілікке шақырады. Бұл өте маңызды, тарихи оқиға. Туындыда адамдардың күш біріктіріп, жамандық атаулымен күресуін барынша шынайы көрсеткіміз келді.                                                       

Картинада Крис Хемсворддан өзге Майк Шеннон, Э́льса Пата́ки, Майкл Пенья сынды голливудтық жұлдыздар бар.                                                               

Ал, еліміздегі киносүйер қауым әскери драманы наурыз айында, үлкен экрандардан тамашалай алмақ.