Биылғы «Грэмми»-дің басты кейіпкері – Кендрик Ламар! Бұл салтанатта тағы қандай жұлдыздар төбе көрсетеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Стелла Маккартнидің патиінде жарқыраған жұлдыздар, енді «Грэммидің» қызыл кілем салтанатына қызу әзірлікке кірісті. Биыл мерейтойлы, 60-шы марапат тапсыру рәсімі болғандықтан, ғаламат шоу ұйымдастырылуы керек. Сондықтан, 28-ші қаңтар күні Мэдисон Сквер Гарденде тек таңдаулылар өнер көрсетеді!

«Грэммидің» 7 – бірдей мүсіншесінен үміткер Кендрик Ламар, салтанаттың басты қонағы ретінде шымылдығын түреді. Майли Сайрус пен Элтон Джонның да әзірлеген өзіндік тосын сыйлары бар. Екеуі, Элтонның репертуарындағы бір хитті қосыла шырқауға ниетті.

Олардан бөлек, Леди Гага, Сэм Смит, U2 тобы, Бруно Марс, Пинк сынды әншілер сахнаға шығады деп күтілуде.