Жас жігітпен көңіл жарастырған Мэрая Кэри, бақыттан бал бұл жайнауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жас жігітпен көңіл жарастырған Мэрая Кэри, бақыттан бал бұл жайнауда. Алайда соған қарамастан әнші ару,  экс-жұбайын әлі де қимайтын көрінеді. Бұған дәлел, жұлдыздың ең соңғы қылығы.

Қырағы папараций  Мэрая мен өзінен он үш жас кіші Брайанды Малибудағы мейрамхана алдында құрығына түсірді. Алайда, жанкүйерлер қауымы әнші бақытты көрінгенімен, бұрынғы сүйіктісін қимайды деп топшылуда. Мұндай пікірге себепкер болған, Мэрайяның әлеуметтік желіге жүктеген суреті...

Кайлидің жүктілігі мен үшін қуанышты хабар емес! Кейтлин Дженнер қызының жағымды жаңалығы, көңілін көншітпегенін айтты. Батыстық БАҚ өкілдерінің сөзінше, атышулы Кейтлин күйеубаласын өз қызына тең көрмеген. Оның үстіне, танымал сәнбике ана атануға әлі дайын емес деп санайды.

Майли Сайрус пен Лиам Хемсворд бұл күндері Австралия жағажайында уақыттарын қызықты өткізуде. Мінсіз мүсіндерімен көпшілік көзіне түскен қос ғашық, тіпті жағалаудағыларға да назарларын аударар емес. Екеуінің көңілді жүздерінен, олардың расымен бақытты екенін байқауға болады!