«Движение вверх» спорттық драмасын жасауға қатысқан қазақ чемпионы кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бизнес по-казахски в Америке» фильмін, ресейлік спорттық драма бұл аптада табыстылар тізіміндегі бірінші сатыдан ығыстырды. «Движение вверх» картинасы, олимпиаданы ұтқан КСРО-ның баскетбол құрамасы жайында. Айтпақшы, сол командада қазақ баласы да ойнағанын білесіз бе?

1972 жылы жасындай жарқылдаған КСРО баскетбол құрамасы сапында, қазақ баласы - Әлжан Жармұхамедов те болған. Оның да образын, финалда 3 секундта сенсация жасаған, Мюнхен Олимпиадасы чемпиондары жайлы «Движение вверх» картинасынан табасыз. Аталмыш фильм прокатқа шыққан алғашқы аптасында 91 млн-нан астам теңге жинап, үздіктер көшін бастады.

Бұл бес күндікте «Бизнес по-казахски в Америке» комедиясы, қоржынын 48 млн теңгеге толтырып, екінші сатыға жайғасты. Нұрлан Қоянбаевтың фильмі жалпы 3 апталық айналымда 360 млн теңгедей жинаған.

Хью Джекман басты рөлді сомдайтын «Величайший шоумен» кинотуындысы өткен уик-эндте 45 млн теңгеден астам қаржы тауып, мәреге үшінші келді. Романтика мен шоуға толы туынды көрермен көңілін тапқандай.