Меган Маркл Виктория Бэкхеммен көрші болмақ. Олар қалай тіл табысып кетті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір мүсінше Меган Макрлға да бұйырып қалар ма еді? Бірақ, енді ол актриса емес. Келін болудың әлегімен жүрген сылқым, жаңа баспаналарын да таңдап үлгеріпті. Олар енді Бэкхемдер жанұясымен көрші тұрмақ.

Тұманды Альбионға қоныс аударған тұста, Меган Марклдың жаңа ортаға бой үйретіп, тез сіңісіп кетуіне Виктория Бэкхем жәрдемдескенді. Содан бері олар айнымас құрбыларға айналған. Гарри ханзада тойдан соң тұратын баспана іздеген сәтте, Меган болашақ жарын Бэкхемдер тұратын ауданға көшіп баруға көндіріпті. Қазір Котсуолдтегі зәулім сарайда жөндеу жұмыстары қызу басталып кеткен.

Майли Сайрус пен Лиам Хемсворд те біраз уақыттан бері, бір шаңырақ астында тұрып жатыр! Бірақ, махаббатарының беріктігін дәлелдеу үшін, бір шаңырақта қоныс тебуді жеткіліксіз деп санайды. Сондықтан, екеуі бірдей тату салдырып алған. Дегенмен, бұл ғашықтықтарының белгісі емес, джем банкасы! Неге мұндай оғаш сурет таңдағандарын, өздерінен басқа ешкім түсінбей әлек!

Наоми Кемпбелл де ғашық! Супер сәнбике өзінен 12 жас үлкен  египеттік мультимиллиардер, экс - сүйіктісі Луи Камильериді тастап, рэпер Skeptaмен көңіл қосқан. Бірақ, мұнысын жұрттан жасырып келгенді. Дегенмен, ертелі – кеш бұл құпияның да құлпысы ағытылатыны анық еді.